Бронислав Антонович Янковский,
Ұлы Отан соғысына қатысушы
1920 жылы 3 ақпанда Минск облысы Дзержинский ауданы Мощено ауылында дүниеге келген. 1940 жылдың 3 желтоқсанында Дзержинск аудандық әскери комиссариаты әскер қатарына шақырылып, 1941 жылы Батыс майданының құрамына кірген 46 Прибалтикалық бронетанктік полкінің жеке оқу бронетанктік батальонының жауынгері болып қабылданды. Сол жылдың қазан айында ол қатты жарақат алып, Томск қаласындағы ауруханаға жіберілді. 1942 жылғы 6 мамырда медициналық комиссия әскери қызметін жалғастыруға жарамсыз деп таныды.
Марапаттары: I дәрежелі Отан соғысы ордені, "Құрмет Белгісі", "Ерлігі үшін", "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін", "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Ерен еңбегі үшін", "Тың жерлерді игергені үшін" медальдары, мерейтойлық медальдар.
Білімі арнайы орта, техник-механик. 1942 жылдың маусым айында Қазақстанға, Семей облысына келді, онда сүт зауытының директоры, аудандық атқару комитетінің, қалалық комитетінің қызметкері, 1963 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін "Новая жизнь" ұжымшары төрағасының орынбасары болды. Семей облысының Навалы ауылдық кеңесі мен Үржар аудандық Кеңесінің депутаты болып сайланды.
"Олар Жеңіспен оралды! Они вернулись с Победой! Лисаков, Алтынсарин және Науырзым аудандары". Қостанай, 2010, 145 б.
Б.А. Янковский, Ұлы Отан соғысының қатысушысы.Лисаковск.1985 ж.